Абай облысының Полиция департаментінің көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін тест тапсыруға өтініш қабылданатынын жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Биылғы жылдың 3-10 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін қазақ тілін және Қазақстан тарихын білуге арналған тестілеуге қатысуға өтініштер қабылданады.
Тестілеу 2026 жылдың 11 ақпанында өтеді. Оған қатысу үшін өтінішті талапкер Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде бере алады, – делінген хабарламада.
Тестілеуші app.testcenter.kz сайтына кіріп, өтініш бере алады. Ал тестілеу нәтижелерін тексеру үшін certificate.testcenter.kz сайтына кіру қажет.
Тест тапсырмаларының жалпы саны – 100, оның ішінде:
Қазақ тілі – 30 тапсырма,
ҚР Конституциясының негіздері – 40 тапсырма,
Қазақстан тарихы – 30 тапсырма.
Шекті балл 100 баллдан кемінде 50 балл болуы тиіс, оның ішінде:
Қазақ тілі – кемінде 15 балл,
ҚР Конституциясының негіздері – кемінде 20 балл,
Қазақстан тарихы – кемінде 15 балл
Тестілеуге 2 сағат 10 минут беріледі. Қатысу құны – 14 693 теңге. Тестілеу қорытындысы бойынша шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға шекті баллдан асқан жағдайда қазақ тілінде электрондық сертификат беріледі. Шекті баллдан аспаған жағдайда электрондық сертификат берілмейді.
Айта кетейік, электрондық сертификаттың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
