Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы басталды.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев министрліктің 2022 жылы атқарылған жұмыстары есеп беріп жатыр.
2022 жылдың қортындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы жақсы нәтиже көрсетті. Шаруалардың жан-тәнімен беріліп, толықтай жұмыс істеуінің және мемлекеттік қолдаудың арқасында егін жинау науқаны уақытылы әрі толық көлемде жүргізілді. Бүкіл ауылшаруашылық дақылдары бойынша жоғары өнім жиналды. Бүгінгі таңда Қазақстан өзін азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен толықтай қамтамасыз етіп отыр және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын арттыруда. Бұл ретте 2022 жылы экспорттың жалпы көлемі қайта өңделген өнімнің үлесі – 42 пайыздан асты, – деді ведомства басшысы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Ербол Қарашөкеев импортқа тәуелді позициялар әлі де бар екенін мойындады.
Оларды толықтыру бойынша жұмыс жүргізілп жатыр. Тиісті нақты жоспарымыз бар, – деді министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!