Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Не өзгереді?
Енді қаражатты бөлу кезінде ұлттық федерациялар басымдыққа ие болады, ал кәсіби клубтарды қаржыландыру балалар мен бұқаралық спорттың пайдасына қысқарады.
Бюджет қаражатын тиімді бөлу Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Паройындарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетіні айтылды.
Жергілікті билік спорт қызметтерінің бағасын реттей алады, ал спортшыларды даярлау жаңа стандарттар және спорттық медицинаны қолдау арқылы күшейтіледі.
Сондай-ақ, шетелдік спортшыларды бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынады, ал мемлекеттік спорт ұйымдарының басшылары үнемі ауысып отырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!