Фото: canva.com
Әлемдік бейбітшілік сүйгіш елдер индексінің (GPI) деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстан Орталық Азиядағы ғана емес, Еуразия кеңістігіндегі ең бейбіт ел атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еліміз былтырғыға қарағанда тиісті рейтингтегі көрсеткішін 10,8%-ға жақсартып, 78-орыннан 59-орынға көтерілген.
Бейбітшілік институтының халықаралық сарапшылары Қазақстан барлық бағыт бойынша көрсеткіштерін жақсартқанын жазды.
Орталық Азия елдерін алып қарайтын болсақ, Өзбекстан бұл рейтингте 60-орынға табан тіреді. Тәжікстан – 71-орын, Қырғызстан 77-орында, ал Түркменстан 82-орында тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!