Алматыда өтіп жатқан “AlmatyFair.ai” көрмесінде ЖИ көмегімген жүзеге асырылған бағдарламалар ұсынылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жылы Премьер-министр Олжас Бектенов CodiPlay жобасын қазақстандық мектептерде енгізуді тапсырған еді. 

Айта кетейік, CodiPlay – 2021 жылы құрылған білім беру технологиялары (EdTech) саласындағы қазақстандық стартап.

CodiPlay қолданбасы қызықты мобильді ойындар арқылы Scratch, C++ және Python тілдерінде бағдарламалауды үйренуге мүмкіндік береді. Бұл бағдардаманы 1-11 сынып аралығында қолдануға болады. Ең алдымен бастауыш сынып оқушылары лего ойншықтарды құрастырса, ойын арқылы бағдарламалау тілін үйренеді. Жоғарғы сыныптарға барғанда өзінің жобаларын жүзеге асырады. Қосымшадан бөлек, бағдаршамнан бастап ақылды үй жүйесіне дейінгі әртүрлі IoT (Internet of Things) жобаларын жасауға арналған макеттер мен бөліктерден тұратын CodiKit» жиынтықтары да бар. Біздің қолдаңбамызды қазіргі таңда Алматы, Астана, Ақтөбе, Түркістан сынды қалалардың мектептерінде қолданып жатыр. Болашақта еліміздің барлық мектептерінде қолдаңба енгізіліп, балалардың роботехника, ЖИ жөнінде білімі артады деген сенімдеміз,- дейді Лаззат.

Құрастырушылардың айтуынша,  CodiTeach веб-платформасы мұғалімдерге оқу бағдарламасын ұйымдастыруға арналған құралдарды қолдануға мүмкіндік бермек. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!