Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Sputnik. Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 141-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысын жалғастырды.
Сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде оның сызығын белгілеуге байланысты бірқатар мәселені және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.
Комиссияның келесі отырысы қыркүйек-қазанда Ресей Федерациясының аумағында өтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!