Шекара. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында Ресеймен шекарадағы «Желқуар» өткізу пункті жұмысын қайта бастады. Өткізу пункті су тасқыны салдарынан орын алған төтенше жағдайға байланысты бір айға жабылған болатын, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Шекара қызметі 27 сәуір сағат 18:00-ден бастап Қостанай облысындағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы «Желқуар» автомобиль өткізу пунктінің жұмысын қайта бастағаны туралы хабарлайды», – делінген комитет хабарламасында.

Қостанай облысында Ресеймен шекарадағы «Желқуар» өткізу пункті су тасқынына байланысты жабылған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!