Қазақстан меншік құқығын қорғау деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде 129 елдің ішінде 71-орынға тұрақтады.

Ranking.kz дерегіне сай, Қазақстанның индексі – 5,275 балл. Еліміздің құқықтық және саяси орта қосалқы индексі 3,833 баллға дейін төмендеді. Атап айтқанда, сот тәуелсіздігі – 4,673, заңның үстемдігі – 4,091, саяси тұрақтылық – 3,121 және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – 3,445 балл болды.

Зияткерлік меншік құқықтары бойынша қосалқы индекс 4,774 баллға дейін өсті. Яғни, зияткерлік меншікті қорғау – 5,213, патенттеу – 5,783, авторлық құқықты қорғау – 2,6 және тауар таңбасын қорғау бойынша индексі – 5,859 баллға дейін көтерілді.

Рейтингіге сәйкес, ТМД елдерінің арасында Әзербайжан мен Арменияда меншік құқығы жақсы қорғалған. Ресей, Молдова және Украинадағы көрсеткіштер Қазақстан индекстерінен төмен.

Ал, әлемде азаматтардың меншік құқығы Швейцария, Сингапур және Жаңа Зеландияда ең жақсы қорғалған. Ең әлсіз қорғалған ел – Гаити.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!