Фото: CNBC
Қазақстан Олимпиада ойындарындағы жүлделі спортшыларға төлем беру ауқымы бойынша көшбасшы елдер қатарында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олимпиададан кейін медаль иеленген спортшылар атақ-даңққа ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік сыйақыға ие болады. Ұлттық Олимпиада комитеттерінен, CNBC спорт қауымдастықтары жинаған ақпаратта елдердің жеңімпаздарға қанша төлейтіні көрсетілген.
Елеулі төлемдердің арқасында Қазақстан Олимпиада жүлдегерлері үшін ең ірі сыйлықақылары баралғашқы бестікте тұр. Еліміз өткен Олимпиада ойындарындағыдай өз чемпиондарына алтын үшін 250 мың доллар төлейді. Бұл сома Қазақстанды төлем мөлшері бойынша ТМД елдері арасында көшбасшы етті.
Гонконг алтын медальдар үшін төлемдер бойынша көш бастады. Олар алтын үшін спортшыларға 768 мың доллар уәде еткен. Гонконг спортшылары екі алтын мен екі қола жеңіп алды.
Сингапур да олимпиада жеңімпаздарына алтын үшін 745 мың доллар береді. Алайда, бұл ойындарда сингапурлық спортшылардың ешқайсысы тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілген жоқ. Жалғыз қола медаль иесіне 186 мың доллар төленеді.
Бұрын Токио Олимпиадасында алтын үшін 746 мың доллар төлеген Индонезия сыйлықақыларын 300 мың долларға дейін қысқартқан. Алайда соған қарамастан әлі де төлем көшбасшыларының қатарының қатарында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!