фото: baq.kz
Қазақстан азаматтарының төлқұжатында жаңа қорғау элементі пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов айтты.
Жаңа қорғаныс белгісі құжат нөмірінің төменгі жағында орналастырылған.
Ұлттық төлқұжатты қорғау деңгейін көтеріп жатырмыз. Біздің азаматтар визасыз 43 елге бара алады. Қазақстандық паспорт халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қажетті қорғау элементтерін одан әрі жетілдіріп жатырмыз,- деді Бауыржан Әленов.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!