Фото: facebook.com/Астана – Что? Где? Когда?
Астанадағы пантеон аумағында Қазақстан президентінің отбасы мүшелерін жерлеуге тыйым салынуы мүмкін. Жаңа қаулы жобасына тиісті өзгерістер енгізіліп, талқылауға шығарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
19 ақпанда «Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаулы жобасы жарияланды. Қоғамдық талқылау 4 наурызға дейін жалғасады.
Құжаттың жаңа редакциясы Астанадағы пантеон аумағында жерлеуге жататын тұлғалардың тізіміне өзгерістер енгізуді ұсынды.
Қайтыс болған (қаза тапқан) мынадай адамдар пантеон аумағында жерленеді:
- Қазақстан Республикасының президенттері;
- Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары;
- Министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;
- «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғалар;
- «Алтын қыран», «Отан», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталған азаматтар;
- «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері» атақтарына ие болған азаматтар;
- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған азаматтар;
- Қазақстан Республикасы президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар;
- Пантеонда жерлеуге рұқсат етілген тұлғалармен олардың қайтыс болған (қаза тапқан) жұбайлары жерленуі мүмкін»;
Олар тізімнен мына тұлғаларды алып тастау ұсынылды:
- президенттің отбасы мүшелері;
- Конституциялық кеңес хатшылары;
- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталғандар.
Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында, Астана қаласының аумағында орналасқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!