Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін 67 жоба іске асады. Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қалдықтарды басқару экологиялық қауіпсіздікті және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды процестерінің бірі. 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесін, халықты қоқыс шығару қызметімен қамтуды арттыру көзделеді. Бүгінгі күні министрлік, әкімдіктер ұсынған құны 316,9 млрд теңге болатын 67 жобаны мақұлдады, оның ішінде 43 жоба қайта өңдеуге бағытталған», – деді ол.

Нысанбаевтың айтуынша, жобаларды іске асыру қайта өңдеу қуатын жылына 1,1 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа зауыттар толық жұмыс істеген жағдайда қайта өңдеу үлесі 40% жетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!