Фото: pexels.com

Қазақстан мен Марокко үкіметтері Ұлттық/жалпы азаматтық паспорттардың иелеріне визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан үкіметі мен Марокко Корольдігінің үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге бағытталған және екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

«Келісімге сәйкес, Қазақстан және Марокко азаматтары жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың негізінде екі елдің аумағына кіру, шығу, транзитпен өту және уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады», – делінген хабарламада.

Әрбір болу мерзімі кіру сәтінен бастап 180 күннің ішінде 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!