Фото: коллаж: depositphoto

Қазақстан Азия Даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 105 миллиард йен қарыз алады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аталған сома ел экономикасын тұрақтандырып, қаржы секторын жақсартуға бағытталып отыр. Парламент Мәжілісі тиісті заң жобасын талқылау кезінде Депутат Татьяна Савельева Азия Даму банкі Қазақстан Республикасына 52,3 млрд йен қарыз беретінін, оның өтеу мерзімі – он бес жыл, жеңілдік мерзімі 2027 жылдың бірінші маусымына дейін екенін айтты.

«Қарыз республикалық бюджет тапшылығының жоспарлы кезеңге бекітілген мөлшері аясында ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылады», – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 52,7 млрд йен қарыз алуды жоспарлап отыр. Бұл ақша да республикалық бюджет тапшылығын жабуға жұмсалмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!