Фото: ©ҚФБ

Амманда (Иордания) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнирде екі жас санатында, 15 жасқа дейін және 17 жасқа дейінгі боксшылар арасында жүлделер сарапқа салынды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері 44 жүлде жеңіп алды: 16 алтын, 15 күміс және 13 қола.
Екінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасты: 42 медаль (15 алтын, 15 күміс, 12 қола). Үздік үштікті Үндістан қорытындылады: 43 жүлде (15-6-22).

Сонымен қатар, үздік бестікке Украина (5-7-24) мен Иран (1-5-5) құрамалары кірді.
Айта кетейік, Амманда өткен бұл жарыс World Boxing аясында өткен алғашқы құрлық турнирі болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!