Бүгін, 2025 жылғы 3 қарашада, елімізде «Наурыз» атты мемлекеттік жеңілдетілген ипотека бағдарламасы ресми түрде іске қосылды. Бағдарлама аясында қазақстандықтар алғашқы тұрғын үйін небәрі 10% бастапқы жарнамен және жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемемен рәсімдей алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өтінім қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 3 қарашадан 1 желтоқсанға дейін. Өтініштерді тек онлайн форматта Baspana Market порталы арқылы беру қажет.

Кімдер қатыса алады

«Отбасы банкінің» салымшылары, депозитінде кемінде 2 миллион теңге болуы тиіс;
Өзінде және отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда үйі болмаған азаматтар;
Жасы 18 бен 63 жас аралығындағы қазақстандықтар.

Несиелеу шарттары

Бастапқы жарна:

• 10% – егер пәтер таза әрлеуде болса;
• 20% – егер пәтер екінші нарықтан немесе қарапайым әрлеуде болса.
• Пайыздық мөлшерлеме:
• 7% (ЖТСМ – 7,1%) – әлеуметтік осал топтарға;
• 9% (ЖТСМ – 9,4%) – өзге қатысушыларға.

Қарыз сомасы:

Аймақтарда – 30 миллион теңгеге дейін;
Астана мен Алматыда – 36 миллион теңгеге дейін.
Мерзімі: 19 жылға дейін.

Қандай тұрғын үй сатып алуға болады?

• Астана, Алматы және облыс орталықтарында – тек жаңа тұрғын үй (құрылыс компаниясынан).
• Моноқалалар мен ауылдарда – жаңа да, екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға болады.

Тұрғын үй таңдау және өтінім беру рәсімі Baspana Market платформасы арқылы жүргізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!