Фото: Istock.com

2025 жылдан бастап келісімшартпен жұмыс істейтін азаматтардың құқығы штаттағы ресми қызметкерлермен тең болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді жұмыс берушілер штаттан тыс қызметкерлері үшін де әлеуметтік төлемдер аударып, декрет демалысына, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өзге де төлемдерді өтейді.

Бұл жаңашылдық азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмысқа тұрған әрбір қазақстандыққа қатысты. Бастама осыдан 2 жыл бұрын қолға алынған. Әлеуметтік кодекстегі өзгертулер енді 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуге тиіс.

Айта кетсек, әзірге штаттан тыс қызметкерлерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер аударылмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!