2019-2021 жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 8,1 млн гектар пайдаланылмайтын немесе мақсатсыз пайдаланылатын ауыл шаруашылығы жері анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, анықталған бос жердің 6,8 млн гектары жайылымдық аймаққа жатады. «Егер 2021 жылды алатын болсақ, онда 1,3 млн гектар пайдаланылмайтын жайылымдар мен егістік жер белгілі болды. Осыған байланысты, ведомство биыл осы бағыттағы жұмыстың қарқынын арттыруды және ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне өткізуді жоспарлап отыр», – деп түсіндіреді министрлік хабарламасында. Бұл өткен жылдың осындай көлемінен 3 есеге артық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!