Фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытбек Сыдықов депутаттарға берген жауабында әскери қызметшілердің айлығы қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кімдердің айлығы өсті

2023 жылы ұшқыш құрамының лауазымдық жалақылары көтерілген. әскери медициналық жұмысшылардың ақшалай үлесі азаматтық медициналық мекемелердің медициналық жұмысшылары жалақыларының деңгейіне дейін жеткізілді, жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақылары азаматтық жоғару оқу орындарының деңгейіне дейін көтерілген. 

Кімдердің айлығы өседі

Бүгінгі таңда Үкімет мемлекеттік күштік құрылымдар қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуін қолдап отыр. Оны 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 кезеңмен (2025-2026ж. бойы) жүзеге асыру жоспарлануда. Оған толық көлемде өту барысында Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақылары орташа 50 % -ға өседі. Сондай-ақ, әскери қызметшілерге бұрын тоқтатылған жеңілдіктерді қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда:

  • әскери қызметшілерге коммуналдық қызмет үшін төленетін үстемақыны отбасының әрбір мүшесіне төлей отырып, оның көлемін өзгерту; 
  • әскери қызметшілер мен оның отбасы мүшелерінің жылына бір рет демалыс орнына бару және қайтуы үшін жол жүру ақысының тегін болуын қайтару;  
  • әскери қызметшілердің қоғамдық көліктерде тегін жүруін қайтару; 
  • әскери қызметшілердің жауынгерлік, жұмылдыру және жедел дайындық бағдарламалары бойынша 1 тәуліктен артық далалық жағдайларда болуы барысында, сондай-ақ арнайы далалық жұмыстарды орындау барысында тәуліктік норманың 60 % есебінен далалық ақшалай үлесті қайтару көзделген. 

Сонымен бірге әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесі реттелген, республикалық бюджетте Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің тұрғын үй төлемдеріне арналған ақшалай қаражат толық көлемде қарастырылған. 

Қазіргі уақытта заңнамаларға келесі өзгерістерді енгізу сұрағы пысықталуда және ол Парламент Мәжілісінде қарастырылып жатыр.

– зейнетақы тағайындау үшін жеткілікті еңбек өтілі бар келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша қызметтен шығарылған күштік құрылымның қызметкерлеріне еңбек өтілі үшін зейнеткер құқығын беру (25 жыл еңбек өтілі); 
– 1998 жылдан кейін бірінші рет әскерге келген және 2016 жылға дейін әскерден шығарылған күштік құрылымның қызметкерлерін еңбек өтілі үшін зейнеткерлік төлемдерін индекстеу.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!