Қазақстанда АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының атом электр стансасының құрылысын жеделдету туралы тапсырмасына сәйкес жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта әлеуетті вендорлармен келіссөздер жүргізілуде”, – деді Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.
Қазіргі таңда АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелген:
- Ресейдің «Росатом»
Қытайдың CNNC
Оңтүстік Кореяның KHNP
Францияның EDF компаниясы
Министрліктің мәліметінше, АЭС салуға арналған технология жеткізушісін таңдау бойынша соңғы шешім биыл маусым айында қабылданады. Ол ұлттық мүдделер, халықаралық нормалар және МАГАТЭ-нің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылмақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!