Сурет: unsplash

Автомобиль жолдары комитеті жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу ережелеріне түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережеге Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру Халықаралық және Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне, атауына және индекстеріне, оның ішінде қорғаныстық пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылатынын көздейтін жаңа тармақ қосылды.

«Қозғалысты ұйымдастыру кезінде, қозғалысты ұйымдастырудың 1-қосымшасында көрсетілген, уақытша қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында шектеу енгізіледі»,- делінген толықтырылуда.

Тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы (Қарағанды аймағы);
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

Тиісті жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Маңғыстау облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Ұлытау облысы.

Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскелерінде, жаз мезгілінің күндізгі уақытында ауа температурасы 250С жоғары болған кезде жеке білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жазғы кезеңнің күндізгі уақытында шектеулер келесі автокөлік құралдарына қолданылмайды:

  • халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
  • төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;
  • тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
  • жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
  • өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
  • мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;
  • қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер таратылмайды.

Қозғалысқа уақытша шектеу енгізу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту кезінде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік массасының ең көп сомасы қозғалысты ұйымдастырудың 3-қосымшасында көрсетілген мәнінен аспауы тиіс.

Қозғалысты ұйымдастыру кезінде қозғалысты ұйымдастырудың 4-қосымшасында көрсетілген, уақытша қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде шектеу енгізіледі.

Көктемгі кезеңде:

  • халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
  • төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;
  • зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын;
  • азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
  • жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
  • дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
  • мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;
  • қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына шектеулер таратылмайды.

Қозғалысқа уақытша шектеу енгізу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту кезінде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік массасының ең көп сомасы қозғалысты ұйымдастырудың 5-қосымшасында көрсетілген мәнінен аспауы тиіс.

Көктемгі кезеңде қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері Тиісті жылдың 23 наурызынан 1 мамырына дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы (Қарағанды аймағы);
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

Тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Маңғыстау облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Ұлытау облысы.

Құжат 26 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!