Фото: pixabay.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook парақшасында Ақмола облысында болған қайғылы оқиға туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, балаларды 12 жасқа дейін ересектердің қарауынсыз қалдыруға заңмен тыйым салу қажет. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Жақындарына көңіл айтамын. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп жазды ол.

Зәкиеваның мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін балалардың қазасына әкелген 15 өрт оқиғасы тіркелген. Олардың көбі балалар үйде жалғыз қалған кезде болған.

«Бұл оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыруға заңмен тыйым салуды қарастыру қажет деп есептеймін. Әрине, қолдауды қажет ететін отбасыларға мемлекет тарапынан қарастырылған көмек бағдарламаларымен қамтамасыз ету маңызды», – деп атап өтті омбудсмен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!