Sputnik. 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми каналы.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр – 20,3 мың тонна) 17,1% артық.
«Сондай-ақ 2025 жылдың төрт айында елімізге 3 мың тонна балмұздақ импортталды, сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы – 15,4%», – деп жазылған хабарламада.
Балмұздақ әкелінетін елдердің алғашқы үштігіне
- Ресей (1,5 мың тонна),
- Қырғызстан (1 мың),
- Түркия (0,3 мың) кіріп отыр.
Сонымен қатар балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларусь және Италия елдерінен әкелінген.
Аталған төрт айда балмұздақ экспорты 41,6% өсіп, 4,3 мың тоннаны құрады. Өнім негізінен ТМД елдері мен Қытайға жіберілген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!