Тек бір айдың ішінде жаңа пәтерлердің бағасы орта есеппен 2%-ға өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада көрсеткіш ерекше секірді – бірден 4%-ға. Актауда – 3,7%, ал Оралда – 3,1%-ға көтерілген. Екінші нарықтағы «квадрат» та қымбаттап отыр – шілдеден тамызға дейін орташа есеппен 1,2%-ға өскен.

Аймақтар ішінде көш бастап тұрған – Өскемен. Мұнда баға бір айда 5,1%-ға артты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!