Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
KAZINFORM — Астанада жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша жалпы білім беретін пәндерден 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл кезеңге республика өңірлерінен 311 оқушы қатысады:
* биология пәні бойынша — 153 қатысушы;
* физика пәні бойынша — 158 қатысушы.
— Олимпиада барысында қатысушылар теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды орындап, ғылыми ойлау қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын және пәндік білім деңгейін көрсетеді. Зияткерлік сайыстың негізгі мақсаты — дарынды оқушыларды анықтау, олардың ғылыми әлеуетін дамыту және халықаралық олимпиадаларға дайындалатын ұлттық құраманы қалыптастыру, — делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!