Фото: Unsplash / Patrick Federi

Sputnik. Қазақстанда бірнеше атом станциясы салынуы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

«Біз, энергетика министрлігі, референдум туралы сөз қозғағанда, елімізде бір ғана атом станциясын салу туралы мәселені көтеріп отқан жоқпыз», – деді ол.

Министрдің айтуынша, жалпы алғанда атом энергетикасын және атом индустриясын дамыту туралы ойланамыз.

Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның солтүстігіне, оңтүстігіне және батысына кемінде үш атом электр станциясы қажет екенін айтқан болатын.

Референдумның қашан өтетіні шамамен тамыз айында айтылады.

Айта кетейік, 27 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтетінін мәлімдеген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!