Қазақстанда биыл 9 айдың қорытындысы бойынша жол апаты салдарынан 1 600-ден аса адам қаза тауып, 35 000-нан аса адам жарақат алған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, жол апаттарының негізгі себебі – 86% жағдайда жүргізушілердің кінәсі, 14% жағдайда жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың кінәсі.

«Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында 9 айда 400-ден аса жол апаты тіркеліп, 38 адам қаза тапқан, 550-ден аса адам жарақат алған», – деп жазылған хабарламада.

Прокуратура жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият және жауапты болуға шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!