Ішкі істер министрлігі 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынатынын кезекті рет еске салды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Министрлік 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынатынын мәлімдеді. Ал құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
«Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге мынадай құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!