Депутат адамды аңдитындар қылмыстық жазаға тартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сталкинг бойынша норма Қылмыстық кодексті оңтайландыру туралы заң жобасына енгізіліп, оны жұмыс тобы қабылдады. Депутат Абзал Құспан келесі аптада құжат палатаның қарауына берілетінін айтады.

Сталкерлерге болашақта айыппұл салынады. Депутаттың айтуынша, мұндай құқықбұзушылыққа бұдан ауыр жаза берілмейді.

«Қылмыстық кодекске жаңа нормаларды енгізген кезде оларды өте мұқият енгізу, құқық қолдану тәжірибесін, тергеу тәжірибесін, сот тәжірибесін қарастырып, сот және тергеу тәжірибесін зерделеу мен талдау нәтижелеріне сүйене отырып, санкцияларды қатайтуға болады», – деді Абзал Құспан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!