Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 182 003 адамға жетті. Елімізде әйелдердің саны көп болып шықты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық статистика бюросының сайтында осы жылдың 1 тамызындағы мәліметтер келтірілген. Соған сәйкес, Қазақстандағы халық саны осы кезеңде 20 182 003 адамға жетіп отыр.
Статистика бойынша, қала тұрғындарының саны 12 656 167 адам болса, ауыл тұрғындарының саны 7 525 836 адам болған. Бұл ретте Қазақстанда әйелдер саны – 10 322 836, ал ерлер 9 859 167 екені мәлім болды.
Еске салсақ, бұған дейін 1 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 20 159 707 өмір сүріп жатқанын, 1 қаңтардағы көрсеткіштен бері елімізде халық саны 125 865 адамға көбейгенін жазған едік. Бір ай бұрын табиғи өсім 118 576 адамға жеткені хабарланған
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!