Қазақстан ел экономикасына 300 мың доллар инвестиция салған шетелдіктерге тұруға рұқсат беретін заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан аса инвестиция салған шетелдік кәсіпкерлерге 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр» – деді Жұманғарин.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!