Қазақстанда ипотека бойынша бастапқы жарнаның мөлшерін ұлғайту ұсынылды. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі растады.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп ипотекалық қарыздар бойынша бастапқы жарнаны ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатыр», – делінген хабарламада.

Агенттік атап өткендей, бұл бастама коммерциялық банктер беретін ипотекаға ғана қатысты. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары мен Отбасы банктің ипотекасында өзгеріс болмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!