Sputnik. Премьер-министр америкалық Олжас Бектенов LanzaJet компаниясының басшылығымен елімізде экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды үкімет.

Кездесуге компанияның бас атқарушы директоры Джимми Самарицпен, коммерциялық қызмет жөніндегі вице-президенті Стефан Тион қатысып, тараптар Қостанай облысы Рудный қаласында авиациялық SAF – Sustainable Aviation Fuel отынын өндіретін зауыт салу жобасын талқылады.

«Болашақ кәсіпорынның қуаты жылына 54 мың тонна авиаотын және 100 мың тонна биоэтанолдың қайта өңделген түрлерін өндіруге жетеді. Бүгінгі таңда зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталды», – деп жазылған хабарламада.

Жоба «жасыл» авиацияны дамытуға және АӨК-те тереңдетіп өңдеуге бағытталған. Биоотын өндірісі парниктік газдар шығарындыларын азайтады, бұл Қазақстанның климаттық және энергетикалық күн тәртібінің негізгі басымдықтарына сәйкес келеді.

Бектеновтың айтуынша, үкімет бұл жобаға жан-жақты қолдау көрсетеді.

LanzaJet – шикізаттың әр түрінен, соның ішінде органикалық: дән, жүгері, картоп және тағы басқа заттардан алынған этанолдан экологиялық таза SAF авиаотынын өндіру технологиясын әзірлеп шыққан компания.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!