SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтерін 2032 жылға дейін өзгеріссіз қалдыру ұсынылып отыр. Энергетика министрінің «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Құжат 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Тарифтер неге тоқтатылады?
Жобада көрсетілгендей, биыл 8 қазанда Мемлекет басшысының төрағалығымен макроэкономикалық теңгерімсіздік пен инфляциялық тәуекелдер мәселесі қаралған кеңес өткен. Сол жиын қорытындысында экономикалық тұрақтылықты сақтау жөнінде бірқатар тапсырма берілген.
Сол тапсырма аясында электр энергиясының шекті тарифтерін өсіруді тоқтату туралы шешім қабылданған.
Тарифтер қалай бекітілмек?
Жобаға сәйкес, 2026-2032 жылдарға арналған тарифтер 2025 жылғы шекті тарифтер деңгейінде бекітіледі.
Министрлік бұл шара бірыңғай сатып алушыға баға әсер етпейтінін атап өтеді, себебі тарифтер келесі жылдарға сол бұрынғы деңгейде қалдырылады.
Тиісті тарифтiк шешімдер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі жоспарланған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
