Фото: freepik.com
Петицияларға арналған Еpetition.kz сайтында жаңа петиция пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа петиция Қазақстанда электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салуды көздейді.
Петиция авторы «кикшерингтік компаниялар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, полиция жеткілікті бақылауды қамтамасыз ете алмайды, ал сервистерді пайдаланушылар заңға да, жалпы адамгершілік принциптеріне де бағынбайды» деген себеппен электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салуды ұсынды.
Әзірге петицияға қол қойғандар саны аз. Петицияны көргендер әрбір оныншы адам петициядағы талаптармен келіскен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!