Фото: Kazinform
Елімізде электронды цифрлық қолтаңбаны файлда тасымалдауды тоқтатпақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, – деп хабарлады Қазақпарат.
«Қазір биометриялық сәйкестендіру белсенді дамып келеді, яғни бұлтты ЭЦҚ. Сондай-ақ, өте сенімді токендер, олардан ЭЦҚ алу мүмкін емес. Цифрландыру заманында барлық азаматты жаппай қамтуға және оларды цифрлық электрондық қолтаңбалармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең қарапайым әдіс – файлда тасымалдайтын ЭЦҚ беру болды. Енді файл тасымалдағышта ЭЦҚ беру рәсімін тоқтатқымыз келеді. Бірақ, бұл әдіс әзірге ең қауіпсіз болып отыр», – деді Руслан Әбдіқалықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!