Қазақстанда кейбір коммуналдық қызмет тарифін көтеру кейінге қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте жиын өтіп, бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралды.

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болған: 16,1%.

«Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Коммуналдық қызмет тарифін өсіруді ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді», – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілетіні хабарланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!