aikyn.kz Қазақстанда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әскерге күзгі шақыру науқаны басталды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес, 1 қыркүйектен бастап елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды.

Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады және төрт айда 18 бен 27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық сарбаз Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар қатарын толықтырады.

Бұл ретте Қарулы Күштер қатарына 8 мыңға жуық, Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне 300-ге жуық, мемлекеттік күзет қызметіне 100-ге жуық адам әскерге шақырылады

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!