Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін жасырын табысты есептейтін жаңа әдіс енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғары аудиторлық палата хабарлағандай, енді мемлекет көлеңкелі экономиканы дәл көріп отырады.

«Көлеңкелі экономиканы анықтайтын әдістер жаңарды. Жаңа тәсіл жасырын кірістерді дәлірек анықтауға мүмкіндік береді және заңсыз бизнестің жаңа нысандарын ескереді», – деп хабарлайды ЖАП.

Осы жаңа әдіс:

  • тауарларды қайта сату үшін әкелетін жеке тұлғалардың;
  • мал өсіретін, ет сататын, картоп және майлы дақылдар өсіретін шаруалардың;
  • демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру, көлік жуу бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлердің;
  • ҚР аумағында табыс табатын шетел азаматтарының жасырын кірістерін есепке алады.

«Мұның бәрі ресми статистикаға түспейтін кіріс көлемін дәл бағалауға мүмкіндік береді», – деп сендіріп отыр ЖАП.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!