Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер жуырда жасанды интеллект саласындағы білімсіз жұмыс істей алмайтын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министрдің орынбасары, жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев жаңа талаптардың қалай енгізілетіні туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазір Қазақстанда мемлекеттік сектор қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде бұл курстар шамамен 50 мың мемлекеттік қызметкерді қамтыған.
“Уақыт өте келе жасанды интеллект бойынша курстар міндетті болады. Егер адам оқудан өтпесе немесе қажетті дағдыларға ие болмаса, мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Бұл – дұрыс әдіс: әлем өзгеріп жатыр, ал мемлекеттік қызмет білікті, тиімді болып, бюрократиямен күресуі тиіс”, – деді Мәдиев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
