Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің ең төменгі шегі 1 миллион теңгеге көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

«Біз соманы 224 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ұлғайттық. Егер үш ай ішінде жалпы алғанда аударым 1 миллион теңге болса тексеріледі», – деді Біржанов.

Айта кетейік, банктер салық органдарына үш ай қатарынан әртүрлі адамдардан 100-ден астам аударым алған қазақстандықтар туралы мәлімет беруге міндетті. Айта кетейік ақша түсетін есепшот кәсіпкерлік қызметті жүргізуге арналмаған болуы керек.

Еске салсақ, осыған дейін қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда мобильді аударымдар бойынша мониторинг жасалатын шекті соманы 255 мың теңгеден 1,2 миллион теңгеге дейін ұлғайту мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!