28 қараша 2025 жылы Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасына өнім өндіру мақсатында әкелінетін, ЕАЭО мемлекеттерінен жеткізілетін тауарларды қоспағандағы импорттық тауарлар тізімін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өнім өндіруге арналған импорттық тауарлар тізіміне 509 атау енгізілген.
Олардың қатарында мыналар бар:
- Глюкоза шәрбаттары мен мальтодекстрин шәрбаттары.
- Витаминдер мен минералды заттар қоспалары.
- Қозғалтқыш майы, компрессор майы және турбина майлары.
- Жасанды немесе химиялық өңделген табиғи полимерлер негізіндегі бояулар мен сырлар (эмаль, лак және өзге түрлері).
- Терезе мен баққа арналған замазкалар, шайырлы цементтер, тығыздауға арналған қоспалар және өзге де мастикалар; сырлау жұмыстарына арналған шпатлёвкалар.
- Май-силикон эмульсиясы.
- Жасанды және дайын балауыздар (әуе қозғалтқыштарын жасауға арналған).
- Отқа төзімді цементтер, құрылыс ерітінділері, бетон және ұқсас қоспалар, оның ішінде доломитті тығыздағыш қоспа.
- Мұзға, қырауға қарсы сұйықтықтар мен антифриздер.
- Полиэтилен.
- Полипропилен.
- Этилен полимерлерінен жасалған қатты құбырлар, түтіктер және шлангтар.
- Жарық қайтарғыш үлдір.
- Қораптар, жәшіктер, себеттер және сол тәрізді бұйымдар.
- Ағаш материалдары: ЛДСП, ДСП, фанера, МДФ, ХДФ.
- Ірі қара малдың (буйволды қоса) өңделген терісі.
- Полиграфияда қолданылатын, рулондағы офсеттік қағаз (80 г/м²).
- Меловкаланған картон.
- Аппараттық тәсілмен иірілген жүн жіптерінен тоқылған маталар.
- Дайын түрде бөлінген жасанды жіптен тігілетін жіптер.
- Жасанды былғар.
- Киім үлгілері сияқты дайын бұйымдар (войлок және фетрден жасалған).
- Винттер, болттар, шуруптар, ілмектер, тойтармалар, шпонкалар, шплинттер, шайбалар және басқа да қара металлдан жасалған бекітпе бөлшектері.
Осы бұйрықпен қатар, Қазақстанға өнім өндіруге қажетті тауарларды импорттайтын салық төлеушілердің тізімі де бекітілді. Ол тізімге 111 ұйым мен жеке кәсіпкер енгізілді.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
