Фото: Pexels

Қазақстанда өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Төтенше жағдайлар министрлігі рұқсат етілмеген жерде от жаққандарға 21 625 теңгеге дейін айыппұл салынатынын ескертті, – деп хабарлайды KAZINFORM.

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаровтың айтуынша, мұндай бақылау жыл сайын ұйымдастырылады.

– Мамандар ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы түтін шыққан аумақтарды анықтайды. Кейін сол жерлерге барып, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіреді. Қазір тексерулер барлық өңірде жүргізіліп жатыр, – деді ол.

ТЖМ өкілдері тамақ дайындау үшін отты тек арнайы белгіленген орындарда ғана жағуға болатынын еске салды.

– Егер заңсыз от жағу алғаш рет анықталса, ескерту беріледі. Ал талап қайта бұзылған жағдайда 5 АЕК-ке дейін, яғни 21 625 теңге көлемінде айыппұл салынады, – деді Ә. Жылқайдаров.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!