Енді елімізде пойыз бір сағаттан артық кешіксе және билеттегі орын бос болмаса билеттің құны комиссиясыз түгелдей қайтарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік министрлігінің тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар темір жол билеттері пойыз жүргеннен бұрын 10 минутқа дейін ғана сатылады. Бұрын бұл талап бір тәулік болатын. 

Балалармен сапарлайтын ата-аналараға да құлаққағыс: бұдан былай 7 жасқа дейінгі балаларға билет алу міндетті емес. Ал орын қажет болса билетті жеңілдікпен алуға болады. 

7-15 жастағы балаларға 50% жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ бұдан былай 15 жасқа толмаған бала сенімхатсыз пойызға отырғызылмайды. Егер заңды өкілі бірге жүрсе сенімхат талап етілмейді. 

Өзгерістер 22 сәуірден бастап күшіне енеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!