Кейбір коммерциялық пойыздардағы төменгі орындар 1 желтоқсаннан бастап 20 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін Пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз болады», – делінген хабарламада.
Төменгі орындар төмендегі бағыттағы жолаушылар пойызында қымбаттайды:
№111/112 «Алматы – Маңғыстау»;
№51/52 «Алматы – Орал»;
№105/106 «Алматы – Петропавл»;
№71/72 «Астана – Шымкент»;
№29/30 «Алматы – Атырау».
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!