2025 жылғы 29 мамырда ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов Қазақстанда жолаушылардың жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәнібек Тайжановтың айтуынша, қазіргі таңда «Тальго» вагондарында 1300-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған.

«Біз екі жыл ішінде барлық пойыздарды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етеміз деп отырмыз. Қазіргі уақытта екі жеке тасымалдаушы бейнекамералар орнатып жатыр», – деді ол.

Сонымен қатар ол елде әйелдерге арналған вагондардың саны артқанын атап өтті. 1 маусымнан бастап Орал – Маңғыстау бағыты бойынша қосымша әйелдер вагоны іске қосылады.

Осылайша, жаңа вагон енгізілгеннен кейін «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттар саны 12-ге дейін артады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!