Фото: Zakon.kz

Ұлттық Банктің 2024 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен ҚР Ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемақысын айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидаларда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау қызметін жүзеге асырған жағдайда, бағалы металдардан жасалған монеталардан басқа, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау жөніндегі операцияларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Ұлттық пошта операторы және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар түпнұсқалығы мен төлемділігін айқындағаннан кейін олармен жекелеген операцияларды жүргізу тәртібі белгіленеді.

Жаңа редакцияда тозығы жеткен банкноттар қатарына мынадай ақаулары бар банкноттар жататындығы нақтыланды: 

  • бояғыш заттар төгілген;
  • бөгде жазбалары бар, оның ішінде:
  1. ультракүлгін жарықты түсірген кезде көрінетін, арнайы химиялық ұнтақпен өңделген;
  2. машинамен оқылатын белгілерді көрсетпейтін;
  • жыртылған, желімденген немесе желімденбеген бөліктері сөзсіз бір банкноттікі болып табылатын және бірге Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын құрайтын банкноттар;
  • бұрышынан немесе шетінен өлшемінің 1%-нан астамын жоғалтқан, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын сақтап қалған;
  • түссіз жабысқақ лентамен желімденген жыртығы бар;
  • банкноттағы тесіктердің болуы оны айналыстан шығару үшін тесілгенін білдіретін жағдайларды қоспағанда, диаметрі 3 және одан астам миллиметр болатын ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар;
  • банкнот бейнесі жойылуына әкеп соқтырған сырылу белгілері бар;
  • от шалған және күйген, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын сақтап қалған;
  • банкнот бейнесі мен ашықтығы төмендеуіне әкеп соқтырған, бет және сырт жақтары кірлеген банкноттар тозған банкноттар болып табылады. Кірлеу дегеніміз шаңның, кірдің, майдың және басқа да ластағыш заттардың болуы салдарынан беті қарайған банкноттардың жай-күйі;
  • үлбіреген және қағаздың қаттылығы жойылған;
  • банкноттарды сақтау және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларда пайдаланылатын арнайы бояумен боялған.

Ұлттық Банк белгілеген өлшемнің 50% және одан да көп пайызынан айырылған банкноттар, «ҮЛГІ», «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN», «МУЛЯЖ» деген жазуы бар банкноттар, сондай-ақ түпнұсқалық банкноттардың фрагменті бар және кесілген банкноттар төлемге жарамсыз болып табылады.

Қаулы 2024 жылғы 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!