Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы наурызда 147 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% артық, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 937,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,2% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 1,9% – автобустар.
Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,8% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,3%, дизель отынымен – 7,1%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 083 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллонымен жүретін автомобильдің үлесі – 0,3%, тағы 14 266 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және автомобильдердің жалпы санының 0,2% құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер саны 1,5 есе өскен.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!