Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

23 сәуірде Қазақстанда алғаш рет маңызды мәдени мереке Ұлттық кітап күні ресми түрде атап өтілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық кітап күні туралы

Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын. Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берді. Соған сәйкес биылдан бастап 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді.

Ал Үкіметтің жаңа мереке енгізу туралы қаулысы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енді.

Қазақстанда қанша кітапхана бар?

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3920 жалпыға қолжетімді кітапхана жұмыс істейді. Олар 2024 жылы ең көп адам барған мәдени орындар болған.

Бір жыл ішінде кітапханаларға 55,4 миллионнан аса адам барған, бұл кинотеатрларға бару көлемінен екі жарым есе дерлік көп (23,3 миллион).

Еліміздің кітап көп оқитын өңірі – Алматы қаласы, Алматының кітапханаларында 5,5 миллионнан аса адам тіркелген. Сондай-ақ, үздіктер құрамына Солтүстік Қазақстан облысы (4,5 миллион), Түркістан (4 миллион) және Ақмола (3,7 миллион) облыстары кірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!