Мәжілісте Қазақстанда жазасын өтеп жатқан тұтқындар саны жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысы кулуарында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Қазақстандағы тұтқындардың санын атады.

«Бүгінде барлығы 34 мың адам қамауда, оның 28 мыңы колонияларда бас бостандығынан айыру орындарында және 6 мыңы тергеу изоляторларында», – деп жауап берді Аюбаев.

Сонымен қатар, Аюбаев «Қазақстан Республикасының қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптаулар мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді.

«Заң жобасы қылмыстық сот төрелігі, жазаны атқару, азаптау мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге, ұлттық заңнаманы жалпы танылған халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!